sysprep.exe утилитасы параметрлерін конфигурациялау

sysrep.exe утилитасы құрылғыны одан операциялық жүйенің кескінін жасауға дайындау үшін қолданылады.

sysprep.exe утилитасының параметрлерін конфигурациялау үшін:

  1. Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Операциялық жүйенің орнату пакетінің контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Орнату пакеті сипаттары терезесі ашылады.

  3. Орнату пакеті сипаттары терезесінде sysprep.exe параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  4. sysprep.exe параметрлері бөлімінде клиент құрылғысында операциялық жүйені орналастыру кезінде қолданылатын конфигурациялық файлды көрсетіңіз:
    • Әдепкі конфигурациялық файлды пайдалану. Операциялық жүйенің кескінін алу кезінде әдепкі бойынша жасалған жауап файлын қолдану үшін осы нұсқаны таңдаңыз.
    • Негізгі параметрлердің пайдаланушылық мәндерін белгілеу. Пайдаланушы интерфейсін пайдаланып параметрлер мәндерін белгілеу үшін осы нұсқаны таңдаңыз.
    • Конфигурациялық файлды белгілеу. Өзіндік жауап файлын пайдалану үшін осы нұсқаны таңдаңыз.
  5. Енгізілген өзгерістер күшіне енуі үшін Қолдану түймесін басыңыз.
Басына оралу